ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ - ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 594
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласының орталық кітапханасында орналасқан №424 сайлау учаскесінде барлығы 2288 сайлаушы тіркелген.

Таңғы сағат 7-де Мемлекеттік әнұран шырқалып, маңызды саяси науқан өз жұмысын бастады. Халықтың белсенділігі жоғары, екі сағаттың ішінде 500-ден астам адам дауыс беріп үлгерді. Солардың қатарында 80-нен асқан Шара Қанатқұлқызы сынды қария, бірінші рет сайлауға қатысып отырған Қадырғали Әлихан да бар.

Дауыс беру барысын “Аманат” партиясының, “Альянс” азаматтық қоғамының, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері бақылауда. Олар сайлаудың ретті өтіп жатқанын айтады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Қарасай ауданы,

Алматы облысы