ҚАСКЕЛЕҢДЕ 40 ЖЫЛ ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН АРДАГЕР МҰҒАЛІМ ДАУЫС БЕРДІ - ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 678
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қарасай ауданының №425 сайлау учаскесінде де тұрғындар қарасы көп.

- Мен осы Қаскелең қаласында 40 жыл ұстаздық етіп, зейнетке  шыққан адаммын, - дейді  №425 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген Жұлдыз Сақтағанова. - Президент сайлауы мемлекетіміздің болашағын айқындайтын маңызды саяси шара деп түсінемін. Сондықтан, барша қазақстандықтарды бұл істен шет қалмауға шақырамын.

Жалпы, 425-ші сайлау учаскесінде 1430 адам тіркелген. Тұрғындар жаппай келіп, өз таңдауларын жасауда. Сайлау барысын бақылап отырған “Аманат” партиясы мен Азаматтық Альянс қоғамдық ұйымының өкілдері сайлаудың қалыпты өтіп жатқанын айтты.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ,

Қарасай ауданы,

Алматы облысы