ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ПІКІРІН АЙТТЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 666
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде өтіп жатқан саяси науқанға Талғар ауданы тұрғындарының да аса зор ықылас танытып отыр. Таңғы сағат 7.00-де есігін айқара ашқан сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді.

- Халқымыздың келешектен күтер үміті зор. Саяси-экономикалық, әлеуметтік салада оң өзгеріс болғанын қалайды. Сол себепті, қазіргі аумалы-төкпелі уақытта ел тізгінін ұстап, тура жолға бастар Президентке таңдау жасап, дауыс беруге әр сайлаушы жауапты екенін сезінеді. Бұл тұрғындардың сайлауға деген оң көзқарасы мен жауапкершілігін көрсетеді. Халықтың көңіл-күйі өте жақсы, сайлау учаскесіндегі дайындықтың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көруге болады, – дейді Талғар қаласындағы №832 сайлау учаскесінде дауыс берген Талғар ауданының Құрметті азаматы Жұмахан Еңкебаев.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы,

Алматы облысы