"Онда кімнің көретінін білмеймін": Ахметжанов қазақстандықтардың полицей еңбегін бағаламай отырғанын айтты

Уақыты: 02.06.2023
Оқылды: 800
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистердің халықтың құқық қорғау органдарына сенімі туралы қойған сауалына жауап берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Аталған жиын Елорда әкімдігінде өтті. Шара аясында журналистер Марат Ахметжановтан ел азаматтарының полицияға сенімі туралы сұрақ қойды.

Тиісінше, жауап та төмендегідей болды: 

“Әрине, сенім білдіру керек дүние. Бүгінгі таңда криминалдық жағдайлар, елдегі қасақана кісі өлтіру 50 пайызға азайған. Жаяу жүргіншілер өлімін 25 пайызға азайтуға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйе құрдық. Осы жұмыстарды көрмесеңіз, байқамасаңыз ол басқа мәселе. Онда кімнің көретінін білмеймін... Сондықтан жатып алып сыншы болмай, үнемі көріп, тамашалап, қоғамға белсенді араласу керек", – Ішкі істер министрі.

Фото: Alfa.kz