Бүгін ауа сапасы нашарлайтын екі қала аталды

Уақыты: 07.08.2023
Оқылды: 470
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Тамыздың 7 жұлдызы Қазақстанның 2 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай байқалса, өзге өңірлерінде бір қалыпты көрсеткіш сақталады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Қазгидромет» РМК дерегіне сүйеніп.

«2023 жылғы 7 тамызда Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдай  –  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Фото: көрнекілікке алынды