"Жаз уақытында қозғалыс көп": Энергетика министрлігі жанар-жағармай жетпей қалуы мүмкін екенін айтты

Уақыты: 07.08.2023
Оқылды: 579
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Энергетика министрлігі жанар-жағармай өндірісі жағынан жағдай тұрақты екенін, алайда оны ел өңірлеріне жеткізуде қиындық туындауы мүмкін екенін ескертті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Stan.kz ақпарат агенттігі дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Министрліктің ақпаратынша, жанар-жағармай бекеттеріне жанар-жағармай өндірілуі және темір жол вагондарының сұранысына қарай жеткізіледі. Яғни жанар-жағармай материалдары жергілікті мұнай базаларына түседі де, сол жерден бензовоздар арқылы бекеттерге таратылады.

"Иә, темір жол, автокөлік жолдары арқылы жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі қазір жаз уақытында қозғалыс көп. Осы жайттардың бәрі сұраныстың артқанын қоса есептегенде жанар-жағармай бекеттеріне уақытша жанар-жағармайдың шектелуіне апарып соғуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Фото: көрнекілікке алынды