Енді eGov mobile қосымшасынан 27 цифрлық құжат алуға болады

Уақыты: 08.08.2023
Оқылды: 494
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қосымшаны 7,2 млн пайдаланушы қолданады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының "цифрлық құжаттар" сервисінде 27 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т. б.) бар.

Осы уақытта цифрлық құжаттар 13 млн. рет пайдаланылды. Сондай-ақ, Egov mobile қосымшасын пайдаланушылар саны 7,2 млн.

Цифрлық құжат – бастапқы құжаттың аналогы. Цифрлық құжаттардың басты артықшылығы – пайдаланудың тиімділігі және уақытты үнемдеу.

Сонымен қатар кез келген қызметті көрсету немесе алу үшін құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеттілігі туындамайды.

Фото: ашық дереккөзден