«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

Уақыты: 09.08.2023
Оқылды: 705
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылды. 

"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды",- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманың" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.

 Фото: tv7.kz

 Stan.kz