Талдықорған маңындағы тас жолда жүк көлігі жаяу жүргіншіні жазым етті

Уақыты: 09.08.2023
Оқылды: 624
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған маңындағы тас жолда жүк көлігі жаяу жүргіншіні басып кетті. Ауруханаға барар жолда 61 жастағы тұрғын алған жарақаттарынан көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл факті 8 тамызда Талдықорған маңында Алматы – Өскемен тас жолының 272-шақырымында MAN автокөлігінен болған оқиға есебінде тіркелді. 61 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүк көлігінің астына түсіп, ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақаттарынан көз жұмды.

Жаяу жүргінші жүк көлігінің артында тұрғанда, жүргізуші оны байқамай басып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайын Талдықорған полициясы анықтап жатыр.

Осы жылы облыстың автожолдарында жаяу жүргіншілер салғырттығынан 52 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алды.

Полиция азаматтарға жол бойында жауапкершілікті күшейтуді талап етеді.