Ауа сапасы нашарлайтын қалалар аталды

Уақыты: 10.08.2023
Оқылды: 363
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Тамыздың 10 жұлдызында еліміз қалаларындағы ауа сапасы тұрақты деңгейде болып, тек 3 қалада ғана өзгеріс байқалады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

«Қазгидромет» РМК Қазақстан ақпаратынша, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Фото: көрнекілікке алынды