ЖЕТІСУДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Уақыты: 10.08.2023
Оқылды: 494
Бөлім: КҮНДЕРЕК

12 тамыз  Халықаралық жастар күніне орай, «Jetisy jastary» КММ-ның ұйымдастыруымен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2023 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ЖОО мен колледж түлектерін және NEET санатындағы жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті.

Керекті кеңеске мұрындық болған шара аясында «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісім шарты» т.б. мемлекеттік бағдарламалар аясында оқыту курстары, шағын және орта кәсіпті ашу туралы тегін кеңестер берілді. 

Жәрмеңкеде 30 мекеме (20 жұмыс беруші мекеме, 10 кеңес беруші мекеме – ред.), 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Жүздесу барысында Enbek.kz сайтына тіркеу, мемлекеттік қызметке орналасау жөнінде кеңестер беріп, кәсіптік техникалық білім беру ұйымдары кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Игі бастама соңы жастарға арналған концерттік бағдарламамен үйлесім тапты.

Көптің қызығушылығын туғызған ашық аспан астындағы шарада жалпы 200-ге жуық жетісулық жастар тегін кеңес алып, оның ішінде 19 адам жұмысқа орналасты.

Айта кетейік, Жетісу облысында 14 пен 35 жасқа дейінгі жастар саны статистикалық деректерге сәйкес 190 255 адамды құрайды (халық санынының 27%). Оның 83 892-і қалалық жерде, 106 363-і аудандар мен ауылдық жерлерде.

2023 жылдың І тоқсандағы 15-34 жас аралығындағы NEET санатындағы жастардың үлесі 6,2% құрайды (республика бойынша 6,5%). Жастар жұмыссыздық деңгейі - 4,8% (республика бойынша 4,8%).  

7-su.kz ұсынады