Асығыңыз. Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы атап өтіледі

Уақыты: 10.08.2023
Оқылды: 1429
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті жетісулықтар!
2023 жылдың 2 қыркүйегінде Қаратал ауданы Үштөбе қаласында көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық шара өтеді.

Шара барысында төл спортымыз – қазақ күресінен Әлем Кубогы мен бәйгеден халықаралық жарыс өткізіліп, ас беріледі. Сондай-ақ отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт жоспарланған.

Баршаңызды 2 қыркүйек күні Үштөбе қаласында күтеміз.