"Күндіз де, түнде де өткізіледі": Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Уақыты: 11.08.2023
Оқылды: 1325
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Әскерлерді даярлау жоспары шеңберінде Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық сабақтары өткізіледі.

Бұл туралы Zakon.kz сайтына ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Министрлік таратқан хабарламада бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жауынгерлік техникамен марш жасап, теміржол көлігімен еліміздің әр өңіріндегі полигондарға жеткізілетіні айтылған.

"Полигондарда тактикалық жаттығулар мен атыстар, күндіз де, түнде де өткізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің мақсатқа сай тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауы, бөлімдердің үйлесімділігі мен қабілеті, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланатын болады" - ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты, ведомство таратылған қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі