eQonaq мобильді қосымшасы елге келетін қандастардың өтінім беруін жеңілдетеді

Уақыты: 11.08.2023
Оқылды: 1957
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Еңбекминінің Көші-қон комитеті, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Kazakh Tourizm» ҰК» АҚ өкілдері «eQonaq» ақпараттық жүйесі базасында «eQonaq – Kutty Meken» мобильдік қосымшасын іске қосуды талқылады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат дерегіне сүйене отырып хабарлайды. 

 

Қосымша арқылы қандас мәртебесін және «Ата жолы» картасын алуға болады.

«еQonaq» жүйесі шетел азаматтары болып табылатын этникалық қазақтардан өтінім беруді едәуір жеңілдетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Талқылау «Kazakh tourism» АҚ базасында өтті. Диалог барысында тараптар «eQonaq» және «Құтты мекен» ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мобильді қосымшаның прототипін тестілеу туралы келісті.

Фото: көрнекілікке алынды