ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІ СЕЛДЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Уақыты: 14.08.2023
Оқылды: 590
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кеше Жетісу облысы Ескелді ауданының тау етегіндегі елді мекендерде бірнеше көшелер мен тұрғын үйлерді су шайып, жергілікті халықты біраз әбігерге салды. Толасыз жауған нөсер жауын салдарынан су  басқан елді мекендердің тұрғындарына су тасқынынан көмек көрсетуді Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ғана емес, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де белсенді түрде көмек көрсетті. 

Ескелді ауданының Ешкөлмес және Абай ауылында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан беткейлерден су ағып, бұл елді мекен көшесінің ауласын су басуға себеп болды. Су тасқыны жағдайына байланысты, Ескелді ауданы әкімінің шешімімен 12 тамыз күні сағат 13.30-дан бастап Ешкіөлмес ауылындағы ауылдық мешіт маңында жедел штаб құрылды.

Құтқару жұмыстарына Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Рүстем Сайдуов 70 әскери қызметшіден тұратын жедел әскери резервтің құтқару жасағын, сондай-ақ бес әскери техника бөлді.

Ұландық жауынгерлер су жолындағы Ешкіөлмес және Абай ауылындағы көшелер мен аулаларды топырақ пен құм салынған қаптармен күшейтті, сонымен қатар су басқан тұрғын үй аумақтары мен жолдарды ағын сумен келген лай, батпақтардан тазартты.

Ескелді ауданының Ешкіөлмес және Абай ауылдарындағы төтенше жағдайға байланысты аулаларын су басқан 19 алам жедел штабтың шешімімен Қарабұлақ ауылындағы Шестаков атындағы мектепке орналастырылды. Оның 10 ересек адам, 9 бала. Әкімдік тарапынан оларға сол жерден ыстық тамақ пен жатын орын ұйымдастырылды.

- Негізгі күш-жігер төтенше жағдай ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға жұмылдырылған. Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, тұрғындарды эвакуациялау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Тұрғындарға көмек қауіпсіздік шараларын толық сақтай отырып жүргізілуде. Біз кез келген көмекке әрқашан дайынбыз, - дейді бөлім командирінің орынбасары майор Архат Жұмаділов.

Жетісу облысында табиғи апаттан зардап шеккен аудандарды сел қалдықтарынан тазарту жұмыстары жалғасуда. 5514 әскери бөлімінің сарбаздары бүгінгі таңда Абай мен Ешкіөлмес елді мекендерінде тұрғын үйлердің аулаларын лайдан тазартып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұлтық ұланның әскери қызметшілері әрқашан көмекке келуге дайын. Өздерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес, олар табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады.

Тез және тиәмді әрекет ету арқылы құқықтық тәртіп әскерлері іс жүзінде халыққа көмектесуге дайын екендіктерін дәлелдеді.

2023 жылғы 13 тамыз күні су алған өңірдің ахуалымен және жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысу үшін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев арнайы келіп тұрғындармен кездесіп, елді мекендерді аралады және өз кезегінде Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстарына үлкен баға беріп, алғысын жеткізді.