Ауа сапасы нашарлайтын қалалар аталды

Уақыты: 21.08.2023
Оқылды: 551
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК әдеттегідей тамыздың 21 жұлдызы күніне арнап Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Дереккөз мәліметінше аптаның алғашқы күнінде Ақтөбе, Алматы, Астана, Өскемен, Риддер және Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған. Аталған қалалардан басқа аумақтарда ауа сапасы қалыпты деңгейде болады.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Фото: көрнекілікке алынды