«Қорғас» ШЫХО келушілерге рекордты көрсеткіш жағдайын түсіндірді

Уақыты: 21.08.2023
Оқылды: 745
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2023 жылдың 19 тамызында «Қорғас» ШЫХО аймағына 6000-нан астам адам кеклген. Бұл  туристердің рекордты көрсеткіші. Бұған дейін статистика бойынша күніне 3000 адам өтетін. 

Осыған байланысты таңертеңнен бастап кассада және автобустарға жолаушыларды отырғызу кезінде үлкен кезек пайда болды.

Басқарушы компания осы мәселелерді шешу үшін шұғыл шаралар қабылдады:

- қосымша кассирлер тартылды;

- туристерге билеттерді сатып алуға көмектесу үшін мамандар тартылды;

- қосымша автобустар тартылды.

Күннің бірінші жартысында орталықтағы жағдай қалыпқа келді.

Туристер үшін біраз қолайсыздықтар болғанын түсінеміз және сіздердің де түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Жетілдірілген жұмыс режимі тұрақты негізде жұмыс істейтін болады және «Қорғас» ШЫХО қызметкерлері мүмкіндігінше жұмыс істеп, туристерге жан-жақты қолдау көрсетеді.

Дереккөзі: «Қорғас» ШЫХО баспасөз қызметі