"Жаңбыр, бұршақ, күшті жел": 29 тамыздағы ауа райы болжамы

Уақыты: 29.08.2023
Оқылды: 363
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрып, жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар), бұршақ жаууы мүмкін. ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау обылысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Жетісу облысынының солтүстік-шығысында, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Фото: көрнекілік үшін