"Алтыайдан кейін берілген тапсырманың орындалуын тексеремін": Тоқаев мектептегі интернет мәселесіне қатысты ескерту жасады

Уақыты: 05.10.2023
Оқылды: 620
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде ауыл мектептерін жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту мәселесіне тоқталып, аталған бағыттағы кемшілікті жоюға алты ай уақыт берді.

Әрі Мемлекет басшысы бұл мәселені өзі тексеретінін ескертті. 

"Ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету – Цифрлық даму министрлігіне де, облыс әкімдеріне де жүктелетін жауапкершілік. Алты айдан кейін берілген тапсырманың орындалуын тексеремін. Жалпы, білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізуіміз керек. 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет. Олардың әрқайсысында жергілікті желі орнатылуы керек", – деді Тоқаев.

Фото: көрнекілікке алынды