Ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз — СІМ

Уақыты: 09.10.2023
Оқылды: 756
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады.

"Қазақстан тарапы көп бейбіт тұрғынның қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдап отыр. Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз". Сыртқы істер министрлігі

Сондай-ақ, Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі де мәлімдема жасап үлгерді. 

"Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалып жатыр".

Фото: ашық дереккөзден