Жетісу облысында жол көлік оқиғасынан жүздеген жаяу жүргінші зардап шекті

Уақыты: 09.10.2023
Оқылды: 736
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында жыл басынан бері жол көлік оқиғасы салдарынан жүздеген жаяу жүргінші зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында полицейлер өңір жолдарында жаяу жүргіншілерді қағып кету оқиғаларының көбейіп бара жатқанына байланысты дабыл қағуда. Жыл басынан бері 20-дан астам адам көлік астына түсіп, қаза тапты, ал 88 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Соңғы дерек Панфилов ауданында тіркелді, 8 қазанда Головацкий ауылында Лексус ЕС 300 автокөлігі 53 жастағы ер адамды қағып өлтірді. Жапондық шетелдік көлікті 36 жастағы жүргізуші басқарған, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, жолды кесіп өту кезінде қырағы болуға және тек белгіленген жерлерден өтуге шақырады.

Фото: көрнекілікке алынды