Жетісу облысындағы тас жолда көлік аударылып, бір адам мерт болды

Уақыты: 10.10.2023
Оқылды: 469
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының Алакөл ауданында Мазда-626 көлігінің қатысуымен адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік көлікті 22 жастағы әскери қызметкер басқарған, ол Алматы – Өскемен тас жолының 550-шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

Жүргізуші мен оның 22 жастағы жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Біраз уақыттан кейін жарақат алғандардың бірі дәрігерлердің бар күш-жігер салғанына қарамастан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Облыс полицейлері көлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сурет: polisia.kz