"Тағы да үсік жүреді": Бүгінгі ауа райы болжамы

Уақыты: 17.10.2023
Оқылды: 408
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет синоптиктері 17 қазан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы..

Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. 

Сондықтан күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.