Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Уақыты: 17.10.2023
Оқылды: 470
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Нұрлан Бекбосынов Жетісу облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.

Нұрлан Бекбосынов 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын Жезқазған облысы ІІБ әскерилендірілген өрт күзеті, Саяқ кентінің жеке бекетінің бастығы қызметінен бастады.

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2023 жылдары Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Бұған дейін Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары болды.

Фото: Жетісу ТЖД баспасөз қызметі