ЕЛ АБЫРОЙЫН АСЫРЫП ЖҮРЕ БЕРСІН

Уақыты: 17.10.2023
Оқылды: 387
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгінгі таңда мемлекетіміз Жаңа Қазақстанды құру жолында бірқатар істі қолға алып, жоспар бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кез келген игілікті іс – еліміздің өркендеуі үшін жасалған қадам. Президентіміздің бастамасымен Республика күні былтырдан бері дәстүрлі түрде 25 қазанда аталып өтетін болды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деген болатын. Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойып, былтырдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде тойлануы – зор қуаныш. Кез келген қазақстандық өзінің елін сүйіп, жерінің қадірін біліп, мемлекеттің мүддесін терең түсінуі қажет. Сондықтан да бұл күннің маңызы зор. Елдікті ұлықтау, бірлікті дәріптеу, ынтымақтастықты қалыптастыруда осындай айрықша күндердің үлесі басым.

Ұлттық мерекеміз құтты болсын! Егемен еліміз дамып, көркейе берсін. Оған әр азамат өзінше үлес қосып, күш-қайрат, ерік-жігерін аямасын. Әр шаңырақтан шаттық кетпесін!  

Мерей СҮЙІНОВ,
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері