Ауыл шаруашылығы басқармасы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесін өткізеді

Уақыты: 20.12.2023
Оқылды: 602
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 2023 жылғы 23 желтоқсанда Талдықорған қаласында Жетісу облысының тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізетіні туралы хабарлайды (өтетін орны: «Жастар» Спорт сарайының автотұрағы).

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысқысы келетін шаруашылықтар мен ұйымдар 22 желтоқсанға дейін Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр, 26 мекенжайына орналасқан Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасына өтінім беруі керек. Байланыс номері: 8 (7282) 32-96-70.

Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
Фото: gov.kz