Бүгін көктайғақ болып, қатты жел тұрады

Уақыты: 21.12.2023
Оқылды: 440
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет ел аумағында 21 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, түнде солтүстікте және шығыста қатты қар жауады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста — бұрқасын, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі», - деп жазды синоптиктер.

Фото: Kazinform