ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ӨЗГЕРЕДІ

Уақыты: 22.12.2023
Оқылды: 453
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласының Бас жоспарын әзірлеу (түзету) бойынша Талдықорған қалалық, Жетісу  облыстық маслихаттарының шешімдері  және ҚР Үкіметінің келісімі алынды.

Қазіргі уақытта «Жетісу облысының сәулет және қалақұрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен Талдықорған қаласының  бас жоспарын топографиялық түсірілімін орындай отырып,  әзірлеу (түзету) жүргізілуде.

Жоба Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңына сәйкес жүргізіледі, жобаның аяқталу мерзімі  2024 жылдың желтоқсан айы.

Фото: gov.kz