Атсалим Идигов «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды

Уақыты: 29.12.2023
Оқылды: 495
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы «Жетекші журналистер» клубының негізін қалаушы, клуб төрағасы Идигов Атсалим Саламович Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның ұсынысымен «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. 

Идигов Атсалим 1954 жылы Талдықорған облысы, Көксу ауданы, Октябрь (Жарлыөзек) ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – журналист.

Осы уақытқа дейін Идигов Атсалим бірқатар марапаттарға ие болды. 
• Қазақстандағы белгілі журналист және қоғам қайраткері;
• Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;
• Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты;
• Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты;
• «Шаңырақ» республикалық журналистер байқауының лауреаты;
• Қазақстанның Құрметті журналисі;
• Алматы облысының Құрметті азаматы;
• Талдықорған қаласының Құрметті азаматы;
• Көксу ауданының Құрметті азаматы және т.б 

Оның республикалық және облыстық көлемде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау мен нығайту рөліне арналған мақалалары бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тұрады.

Бүгінде Идигов Атсалим «Жетекші журналистер» клубымен бірігіп этножурналистика саласында шығармашылық конкурстарды ұйымдастырып,  этносаралық тақырыптарды қамтитын мақалалар жариялап, татулық пен бірлікті насихаттауда. 

"Жетісу-Ақпарат"