Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Уақыты: 20.03.2024
Оқылды: 392
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының шығыс бөлігінде қатты жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, 21-22 наурызда облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз, 22 наурызда түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-18 м/с. 

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-18 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. 

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болады.

Фото: top-news.kz