ҚР Президентінің сыйақысы мен гранттарын журналистерге беру ережесі өзгерді

Уақыты: 22.05.2024
Оқылды: 462
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Президентінің 2024 жылғы 15 мамырдағы өкімімен сыйақы беру, гранттар тапсыру және Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысын жариялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, сыйақылар Әділ Қазақстанды, Қазақстан Республикасының Ұлттық жобаларын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламаларды құруға бағытталған ауқымды реформалардың іске асырылу барысын жариялауға қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін журналистерге берілетіні нақтыланды.

Сонымен қатар, журналистерге келесі үлестері үшін сыйақылар беріледі:

  • қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, қоғамда ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту;
  • демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру және азаматтық қоғам институттарын дамыту;
  • қазақстандық журналистиканы, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту;
  • шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің оң имиджін нығайту;
  • журналистиканың стильдері мен жанрларын инновациялық дамыту.

Сондай-ақ, қоғамдық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Қазір оны Президенттің кеңесшісі-Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы басқарады.

Қоғамдық комиссияның құрамын жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президентінің баспасөз хатшысы бекітеді. Қоғамдық комиссияның құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистердің қоғамдық бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Бұған дейін бұл жұмыс Президенттің баспасөз қызметіне жетекшілік ететін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысына жүктелген болатын.

Жоғарыда аталған өкіммен бекітілген диплом мен сыйлық лауреатының төсбелгісінің, грант иегері куәлігінің және ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы алғысының сипаттамалары толықтырылды:

  • бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев" сөзіне өзгертілді;
  • бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты дипломының бейнесі жаңа редакцияда шығарылды;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранты иегері куәлігінің бейнесі жаңа редакцияда жазылды;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы алғысының бейнесі жаңа редакцияда өзгертілді.


  • Фото: smartnews.kz