6 қыркүйек – Анықтау қызметі күні

Уақыты: 06.09.2024
Оқылды: 235
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1991 жылғы 6 қыркүйектегі бұйрығымен ішкі істер органдарында дербес штаттық анықтау қызметі құрылды. Анықтаушының жұмысының өте жауапты қызмет екенін, аса ұқыптылық пен тиянақтылықты, соған қоса мол қажырды қажет ететінін білесіздер.

Бұл мамандардың басты міндеті - қылмыстың барлық егжей-тегжейін анықтау, оларды жасаған адамдардың әрекеттерінің себептерін мұқият түсіну. Адамдарды сұрастыру және әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау немесе қылмыс белгілері болған жағдайда қылмыстық іс қозғау. Анықтау кезеңінде азаматтың қандай да бір қылмыс немесе құқық бұзушылық жасаған уәжін түсіну маңызды.

Биыл анықтау қызметіне - 33 жыл толады. Осы ретте біз де мереке иелерін төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Фото: egov.kz-тен көрнекілік үшін алынды