Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АҚСУ АУДАНЫНДА ДА АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 22.05.2020
Оқылды: 260

Алматы облысында коронавирустың тағы 24 жағдайы тіркелді. Олар - Кеген, Іле, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, олардың ең үлкені 76 жастағы зейнеткер болса, ең кішісі - 6 айлық сәби.

Пациенттердің науқасы медициналық комиссиядан өту барысында, медициналық көмекке жүгіну кезінде және бұрын ауырғандармен байланыста болған азамат ретінде тексерілу кезінде анықталған. Науқастар қазір Талдықорғандағы әскери госпитальдің, Қарасай аудандық ауруханасының, Шелектегі аурухананың инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды.

Олармен 143 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы оқшауландырылып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде. Сонымен, 2020 жылғы 22 мамыр, сағат 13:35-тегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясымен тіркелгендер саны 262-ге жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан