Жетісу жұртшылығы су тасқынынан зардап шеккен аймаққа көмек жіберді

Уақыты: 25.04.2024
Оқылды: 271
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Облыс халқы су тасқынынан зардап шеккен солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жұртқа 90 тонна азық-түлік пен тұрмыстық заттар жіберді

Достық үйінде өткен шара барысында қоғам қайраткері Сансызбай Құрметбекұлы сөз алып, қиын шақта үйсіз-күйсіз қалған халыққа көмектесу басты міндетіміз екенін айтты.

-Апат айтып келмейді. Қиын шақта халықтың береке мен бірлігін көрсету мақсатында барынша қолдау білдіп жатырмыз. Мемлекетіміздің тұғыры мықты болу үшін біз осындай күрделі кезеңде бір-бірімізге демеу болуымыз керек, - деді ол.

Айта кетейік, облыс халқы 8 -25 сәуір аралығында Жетісу облысынан су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында 225 тонна азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар жинақтап, 8 жүк көлігі және бір вагон жолдады. Сонымен қатар, «Демеу» қайырымдылық қорының есепшотына 170 млн. 600 мың теңге қаржылай аударымдар жасаған. 

Бұдан бөлек, Кербұлақ ауданы «ALACEM» цемент зауыты 1000 тонна цемент жолдайды деп жоспарлануда.

Айдар Қалиев