ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАЙДЫ

Уақыты: 13.08.2020
Оқылды: 994
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің орынбасары тұрғындарды онлайн қабылдайды. Жеке сұрақтарыңыз болса, телефон арқылы жазылуға болады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында шықты.

Биылғы жылдың 14 тамызында сағат 15:00-де білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, мәдениет, архивтер және құжаттама, тілдерді дамыту, жастар саясаты, дін істері, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мәселелеріне жетекшілік ететін Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша ОНЛАЙН режимінде қабылдау өткізеді.

Қабылдауға жазылу 8(7282)24-71-40 телефоны бойынша 2020 жылдың 13 тамызы сағат 18:30-ға дейін жүргізіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"