ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Уақыты: 17.08.2020
Оқылды: 1098
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.

Стратегиялық зерттеулер орталығы Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізді. Жалпы алғанда 3000 респондент сауалнамаға қатысты, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз адамдар бар. Респонденттердің басым бөлігі – бизнес саласында жұмыс істейтіндер.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негізгі дені Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға бағытталған 24 сұрақтан тұрды. Сауалнаманың нәтижелері халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейінің жоғарылағанын көрсетті.

Базалық білім деңгейін бағалау үшін қойылған барлық сұрақ бойынша дұрыс жауаптар үлесінің көбейгендігі байқалды. Тек зейнет  жасына қатысты сауал ғана жылдан-жылға респонденттер үшін қиындап бара жатқандай. Мәселен, 2017 жылы әйелдер үшін зейнетке шығу 58 жас, ерлер үшін 63 жас болған кезде дұрыс жауаптар үлесі 80 пайыз болған еді. Ал 2018 жылдан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жылға өсіп отыратын болды. Осы өзгерістерге байланысты 2018 жылы зейнеткерлік жас туралы дұрыс жауаптардың үлесі 78 пайызға  дейін, 2019 жылы 53 пайызға дейін төмендеп кетті.

Жоғары білім деңгейін бағалауға арналған сауалдар күрделірек болды. Зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі инвестициялық табыс, зейнетақы аннуитеті, зейнет­ақы жинақтарының сақталуына кепілдік, салық салу ұйымы инвестициялайды. Осылайша зейнетақы жинақтарын инвестициялайтын ұйым туралы сауалға қатысты дұрыс жауаптар үлесі 15 пайыздан 30 пайызға дейін өсті.

Зерттеу барысында халыққа қосымша түсіндіруді талап ететін тақырыптар да анықталды. Олардың ішінде зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты, оларды инвестициялау және сақтау кепілдігі, өз зейнетақысын болжау мүмкіндігі, ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен төлеу шарттары, бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу сияқты мәселелер бар.

Зерттеу қорытындылары Қазақстан халқы арасында зейнетақы жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында ескерілетін болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы