АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП, ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Уақыты: 16.08.2020
Оқылды: 918
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Полиция хабарламасына сәйкес, жол апаты түнгі сағат 22.20-да "Алматы-Көкпек-Көктал" тас жолында болған. Алдын ала деректер бойынша Honda маркалы көліктің 26 жастағы жүргізушісі тас жолдың батыс бағытындағы 47-ші шақырымында Мitsubishi көлігін соғады. Ал ол авто Folkswagen маркалы көлікке түйіледі. Нonda кейін Folkswagen Passat көлігіне барып соғады да, Folkswagen Passat тағы бір көлікті - Opel Vectra-ны қағады.

Салдарынан Мitsubishi көлігінің екі жолаушысы - 26 жастағы қыз бен 27 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болады. 3 адам - Мitsubishi жүргізуші және оның жолаушысы, сондай-ақ, Honda жүргізушісі түрлі жарақат алған және Есік қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

Жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлігі 345-бабына сәйкес тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан