ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНДА ҚАЙЫҒЫ ІСТЕН ШЫҚҚАН АЛТЫ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 16.08.2020
Оқылды: 1130
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасының ортасында қалып қойған алты адамды аман алып қалды.

Құтқарушылардың хабарлауынша, 15 тамызда түнгі сағат 02:05-те Алматы облыстық төтенше жағдай департаментіне Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында моторлы қайықта алты адамның қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Құтқарушылар дереу оқиға орнына шықты. Анықталғандай, демалып жүрген алты адам 9-орындық пластик моторлы қайықпен жүзіп шыққан. Алайда олардың қайығы су қоймасының ортасында істен шыққан. Қайықтағы адамдардың құтқару кеудешесі болмаған. 32 жастағы үш ер адам мен үш әйел (екеуі – 1999 жылғы, біреуі – 2000 жылғы) құтқарылып, жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"