АЩЫСАЙДАҒЫ АДАМ ӨЛІМІ: ТҰРҒЫНДАР ҚЫЛМЫСКЕРДІ ТЕЗІРЕК ЖАЗАЛАУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

Уақыты: 17.08.2020
Оқылды: 1209
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылында түнде белгісіз біреулер кәсіпкерді өлтіріп кетті. Полиция қылмыс орнына шұғыл жеткен. Бұл жайлы Polisia.kz сайтына шықты.

Кісі өлімі 15 тамыз сенбіге қараған түні болды. Ер адамды өз үйінде белгісіз біреу пышақтап кеткен. Жарақат алған азамат Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Азамат алған жарақатынан қайтыс болды.​​ Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында. Алматы облысының полиция департаменті мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне ғана сену керектігін, сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді.

Алдын ала ақпарат бойынша және zakon.kz мәліметінше, Ащысай ауылының тұрғынын үйінде болған кезде пышақтаған, ол кәсіпкер болған. Оған осыған дейін де бірнеше мәрте қастандық жасалғаны анықталған. Жергілікті тұрғындар оқиға орнына жиналып, кісі өлтірушіні тезірек тауып, жазалауды талап етті.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының, 1-бөлігі, яғни, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді қамауға алу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында", - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"