РАЙЫМБЕК АУДАНЫ АУМАҒЫНДА 4,2 БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 17.08.2020
Оқылды: 1773
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының Райымбек ауданында магнитудасы 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

16 тамыз күні, Алматы уақытымен сағат 19:06-да тіркелген жер сілкінісінің тереңдігі 25 шақырымды көрсетті. Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 237 шақырым жерде болды. Бұл Райымбек ауданының аумағы саналады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"