ТАЛДЫҚОРҒАНДА КҮН КҮРКІРЕП, НӨСЕР ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

Уақыты: 18.08.2020
Оқылды: 1117
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК 18 тамыздан 21:00-ден 19 тамыздың 21:00 аралығында дауылды ескерту болуы ықтималдылығын ескертті. Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.

Батыстан соққан желдің епкіні - 15-20, кейбір жерлерде 25 м/с құрайды. Талдықорғанда да күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Дауылдың ықтималдығы - 90-95 пайыз.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін қадағалап, сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан