АТЫ-ЖӨНІҢІЗДІ ӨЗГЕРТКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ? ОЛ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ТАЛАП ЕТІЛЕДІ?

Уақыты: 19.08.2020
Оқылды: 1210
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру қалай жүзеге асады? Бұл мәселеге Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері жауап берді.

Құрметті оқырман, аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу үшін:

- Egov.kz порталына кіріңіз;

- Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;

- Қызметті онлайн сұратыңыз;

- Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;

- Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі  және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы  деректерді  порталға енгізіңіз;

- Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;

- Үшінші қадамда төлем мәртебесі  жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;

- Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз.

Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

- Қызмет құны - 1 айлық есептік көрсеткіш.

- Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"