ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ШЫҚҚАН ӨРТ БІР АДАМНЫҢ ӨМІРІН ЖАЛМАДЫ

Уақыты: 21.08.2020
Оқылды: 1146
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне Қаскелең қаласында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына он минуттың ішінде жеткен өрт сөндірушілер 20 адамды эвакуациялап, төрт адамды құтқарды. Тағы 50 адам өз беттерімен эвакуацияланды. Қаскелең батыр көшесіндегі 40 пәтерлі тұрғын үйдің  бесінші қабатында шыққан өрт аумағы 48 шаршы метрді қамтыды. Бір бөлмелі пәтердің жиһазы түгел жанып кетті.

Өрт сағат бір сағатта сөндірілді.

Адамдарды өрттен құтқару кезінде №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Н.Байтереков және осы бөлімнің өрт сөндірушісі, қатардағы азаматтық қорғау жауынгері Е.Нүсіпбеков ерекше көзге түсті.

Пәтер иесі бірден Қаскелең қаласындағы аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. Өкінішке қарай, пәтер иесі ес жимастан сол жерде қайтыс болды. Өрттің шығу себебі анықталуда, оқиға орнында өрт сөндіру зертханасы жұмыс істеуде.

Алматы облысы ТЖД азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

- ақаулы тұрмыстық электр құралдарын, ескірген немесе ақаулы электр сымдарын, қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз;

- электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу;

- отпен жұмыс істеу кезінде, әсіресе, мас күйінде ұқыпсыздық танытпау;

- төсекте жатып темекі шекпеу, темекі тұқылын шашпау;

- тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"