ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ: АВТОБУСҚА СОҚТЫҒЫСҚАН ЖЕҢІЛ КӨЛІК ҚАҚ АЙЫРЫЛДЫ

Уақыты: 29.08.2020
Оқылды: 1747
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Таңғы сағат 06:40-та Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 65-ші шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл жайында Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, Mitshubishi Galant жүргізушісі трассамен шығыс бағытта келе жатқан. Ондағы жүргізуші кенеттен көлік тізгініне ие бола алмай, қатты жылдамдықпен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Mercedes Sptinter шағын автобусымен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан 26 жастағы Mitsubishi жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оның 45 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі (Жол ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"