"ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ "НҰРОТАНДЫҚТАРДЫ" ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 11.01.2021
Оқылды: 941
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«ADAL» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлерге дауыс берген сайлаушыларға алғыс айтты. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы мәлімдеді.

Ол ұйымның негізінен жастардан тұратынын атап өтті. Әрі сайлауалды кезеңде басталған жұмыстың бұдан әрі де жалғасатынын жеткізді. «Бұл тек сайлау үшін емес, бұл партия халыққа берген уәдесін қалай орындау керек, соның жолымен жүретін партия. Бұл бүгін халыққа өте керек партия. Экзит-пол деген бар, өздеріңіз білесіздер. Соның алғашқы анализі бойынша "Nur Otan" партиясы бірінші орында келе жатыр. Сондықтан, өзім "Nur Otan" партиясын құттықтаймын», - деді Серік Сұлтанғали.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"