ПОЛИЦЕЙЛЕР ҮШ АЙ ІЗДЕУДЕ БОЛҒАН ЖІГІТТІҢ МЕКЕНЖАЙЫН АНЫҚТАДЫ

Уақыты: 11.01.2021
Оқылды: 833
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының полицейлері үш ай іздеуде болған 33 жастағы жігіттің мекенжайын анықтады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

2020 жылдың қазан айында 1988 жылы туған Ақсу ауданының тұрғыны үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы ақпарат түскен еді. Ағасының хабар-ошарсыз кеткеніне алаңдаған Талдықорған қаласындағы қарындасы жергілікті полицейлердің көмегіне жүгінген.

- Ақпарат алған соң бірден іздеу жұмыстарын бастадық. Тәртіп бойынша әртүрлі нұсқаны қарастырдық. Тәжірибелі мамандар оң нәтижеге қол жеткізіп, 7 қаңтарда іздеу жарияланған жігіт Сарқан ауданынан табылды. Жігіттің туыстарына хабар берілді. Енді жігіттің неге хабарсыз кеткенін және осы уақыт аралығында қандай жағдайда өмір сүргені анықталатын болады, - деді Ақсу ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Әділмұрат Байзолда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан