ОН СЕГІЗ ЖАСАР СТУДЕНТ: "САЙЛАУ МЕН ҮШІН МАҢЫЗДЫ КҮН БОЛДЫ"

Уақыты: 11.01.2021
Оқылды: 1296
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кеше Текелі қаласындағы №1035 сайлау учаскесінде 18 жасар Арайлым Даданбекова да алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Арайлым Текелі қаласында туып-өскен, қазіргі таңда Алматы қаласындағы Тұран университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алуда. «Сайлау мен үшін маңызды әрі қуанышты күн болды. Алғаш рет Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезекті сайлауына қатысып, өз дауысымды бердім. Бұл менің азаматтық борышым деп санаймын. Ел болашағы - жастардың қолында», - деп өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді.

Ұлжан БОТБАЕВА,

Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы

Алматы облысы