ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ҚҰРДАС ҚЫЗ: "ТАҢДАУ ЖАСАЙТЫН ОСЫ КҮНДІ АСЫҒА КҮТТІМ"

Уақыты: 12.01.2021
Оқылды: 1226
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданында №79 сайлау учаскесі де талапқа сай жұмыс істеді. Олардың санитарлық нормаларды қатаң сақтауы басты назарда болды.

- Мен тәуелсіз еліміздің келешегі, жарқын болашағы үшін қызмет ететін партияларға дауыс беруде өз таңдауымды жасайтын осы күнді асыға күттім. Түсіне білгенге бұл Қазақстанның әр азаматы үшін аса маңызды қадам. Сол үшін жауапты науқаннан шет қалмай, үміткерлерге дауыс беруге өз отбасым мен достарымды түгелдей атсалысуға шақырдым. Саяси шарада өз таңдауын жасауға жастардың белсене қатысқандығы қуантты. Себебі, біз Тәуелсіздік алған қасиетті жылдың құрдастары болғандықтан, бізге жүктелер жауапкершіліктің де жүгі ауыр, – дейді Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Мөлдір Абатайқызы.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы