АСЫҒЫҢЫЗ, АКЦИЯ: "ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ, АВТОМОБИЛЬ ҰТЫП АЛ"

Уақыты: 15.05.2020
Оқылды: 1012
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Күтпеген жерден жүлдегер атануға асығыңыз! Ол үшін күнделікті сатып алатын заттарыңыздың чегін талап етіп, мобильді қосымшаға енгізіп жүрсеңіз жеткілікті. Автомобиль ұтуға мүмкіндік барын естен шығармаңыз.

"Түбіртекті талап ет те, жүлде ұтып ал" акциясы 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. Оның қатысушысы болу үшін "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өзіңіз сатып алу бұйымдарының фискалдық чектерін енгізіп жүріңіз. Аталмыш мобильді қосымша AppStore және PlayMarket бағдарламасында бар.

Акцияны Мемлекеттік кіріс комитеті мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алып отыр.

Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде лезде жүлде ұтып алады. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесіне ойнатылатын ұтысқа қатысады. Ойын 2020 жылдың желтоқсан айында өтеді.

Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық чек және басқа) бар фискалдық чектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген чек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.

Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар чекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады. Демек, чек көп жіберілген сайын қатысушылар жүлделер мен автомобильді ұтып алу мүмкіндігіне көбірек ие болады.

Барлық қатысушыға сәттілік тілейміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"