ҚАТЫСЫҢЫЗ: МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ СІЗГЕ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕЙДІ

Уақыты: 16.05.2020
Оқылды: 888
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті фискалдық түбіртектерді бермеу фактілерін анықтау бойынша республикалық «Қоғамдық бақылау» пилоттық жобасы жүргізіліп жатқанын еске салады. Жобаға сәйкес, түбіртек бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға сыйақы (ұялы телефон балансын толтыру) төленеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-кассалық машиналарының фискалдық түбіртектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша пилоттық жобаға қатысты барлығы 6984 өтініш келіп түскенін хабарлайды.

2019 жылы акция өткізу барысында азаматтардың хабарламалары бойынша 940 заңбұзушылық фактісі расталып, 940 мың теңгеге сыйақы төленді. Оның ішінде, Алматы облысында 55 факті расталды.

Барлық келіп түскен өтініштер өңдеуге түседі: кәсіпкердің деректері, фискалдық түбіртектерді бермеу фактілері мен себептері тексеріледі.

Жауапқа тартылатын адамның түсініктемелері, жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сарапшының, маманның қорытындылары мен айғақтары, заттай дәлелдемелер, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы өзге де құжаттар, хаттамалар және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары дәлелдеме болып табылады.

Сатушының түбіртек беруден бас тарту фактісі бойынша бейнесі түсірілген, дүкеннің мекенжайы және атауы, сауда үйлері, базардың атауы көрсетілген (сауда үйіндегі дүңгіршектің нөмірі, базардағы орнының нөмірі) және фискалдық түбіртекті бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер бар болған жағдайда толыққанды ақпаратыңыз үшін сізге сыйақы төленеді.

Айта кетейік, видеоны AppStore және Playmarket-тен тегін мобильді «Wipon» қосымшасын жүктеу арқылы жіберуге болады.

Шағымдарды жіберген кезде өзіңіздің тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын (ол болған жағдайда), ЖСН мен байланыс телефоныңызды қосымша көрсетіңіз. Бұл деректемелер фискалдық чек бермеген тұлғаны заңбұзушылық фактісі расталған және жауапкершілікке тартылған жағдайда сыйақы төлеу үшін қажет.

Фискалдық түбіртектерді https://www.oofd.kz/ сайтынан тексеруге болады. Сонымен бірге, техникалық талаптарға сәйкес берілген фискалды құжат туралы ақпаратты 72 сағат ішінде жіберуге болатындығын хабарлаймыз. Сондықтан, фискалдық деректер операторының базасында берілген фискалдық чек анықталмаған жағдайда 3 күнге дейін күту керек, содан кейін оны қайта тексеру қажет. Егер 72 сағаттан кейін ақпарат болмаса, онда сіз мемлекеттік кірістер органдарымен байланыса аласыз.

Қазақстан Республикасының барлық азаматын БКМ түбіртектерін бермеу арқылы өз кірістерін жасырып жүрген салық төлеушілерге қатысты өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге және пилоттық жобаға белсенді қатысуға шақырамыз.

Барлық жіберілген өтініштерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан